Қазақстан NCOC консорциумын сотқа берді

515

Қазақстан Қашаған кен орнын игеріп жатқан NCOC консорциумы үстінен 5 миллиард доллар сомаға шағым түсірді.  

Қазақстан NCOC консорциумын сотқа берді Фото: svetland-oil.kz

Экология және табиғи ресурстар министрлігінің сотқа арыздануына компанияның қоршаған ортаға зиян келтіруі себеп болыпты.

Ведомствоның дерегінше, кәсіпорын өз аумағында рұқсат етілгеннен 2 есе көп күкірт сақтап отыр. Әзірге, бұл іске қатысты сот отырысы өтпегендіктен, консорциумның қанша теңге айыппұл төлейтіні белгісіз.

Еліміздегі ең ірі мұнай өндіруші кен орындарының бірі Қашаған былтыр газ тапшылығына байланысты өндірісін жартылай тоқтатқан еді. Бүгінде оның жұмысы толық қалпына келтірілген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу