Қазақстан немістің Xerion тракторы өндірісін кеңейтуге ниетті

214

Елімізде ауыл шаруашылығы техникалары жеткілікті ме?

Қазақстан немістің Xerion тракторы өндірісін кеңейтуге ниетті Фото: baibolsyn.kz

Немістің Knauf компаниясы Петропавлда өз техникаларын құрастырып жатыр. Компания Xerion тракторы өндірісін кеңейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Бұл туралы Ақордада Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев айтты.

"Германиямен біраз уақыттан бері өте тығыз қарым-қатынас орнаған. Қазірдің өзінде бізде, Қазақстанда неміс капиталының қатысуымен 21 жоба жүзеге асырылды. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 1 млрд еуро. Бұл орайда біз құрылыс материалдары, ілмекті арматура өндірісі жайында айтып отырмыз. Қарағандыда Бомер компаниясы жұмыс істеп тұр. Knauf компаниясы құрғақ қоспалар саласындағы өте танымал брендтердің бірі және Қазақстан аумағында көп уақыттан бері жұмыс істейді", – деді ол.

Министр жүзеге асыру сатысында тұрған тағы 5 жобаның бар екендігін айтады.

"Олардың бірі – Knauf компаниясымен Қазақстан аумағында инсталляциялық материалдар өндірісіне қатысты жоба. Елімізде ауыл шараушалығы техникасына үлкен қажеттілік бар. Өте танымал әлемдік Claas компаниясы қазіргі уақытта Петропавлда өз техникаларын құрастырып жатыр. Біз осы өндірісті кеңейту бағытында жұмыс істейміз. Компания Қазақстанға өзінің ең озық техникасын жеткізеді. Ол – Xerion тракторы, өте танымал модель, жаңа әзірлеме. Қазіргі уақытта осы өндірісті кеңейту үшін келіссөз жүргізудеміз", – деді Қанат Шарлапаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу