Қазақстан Норвегиядан басым түсті

220

Хоккейден Қазақстан құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатының элиталық дивизионындағы алғашқы ойынын Норвегияға қарсы өткізіп, жеңіске жетті, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Қазақстан Норвегиядан басым түсті Фото: icehockey.kz

Кездесу барысында қарсыластар бірден жылдам гол соғуға тырысты. Десе де екеуі де мұндай мүмкіндікке қол жеткізе алған жоқ. Кейбір сәтте норвегиялық хоккейшілердің басымдығы байқалып тұрды. Оған Қазақстан құрамасы лайықты төтеп берді.

Ойынның 5-минутында норвегиялық Йоханнес Йоханнесен есеп ашты. Олар есепті ұлғайтуға тырысты. Есесіне кейбір сәтте қазақстандық хоккейшілер таразы басын теңестіретін мүмкіндікті мүлт жіберіп алды.

Екінші кезеңде қос қарсылас тартысты ойын өткізді. Осындай сәттің бірінде Қазақстан құрамасының капитаны Роман Старченко 25-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ. 

Ал ойынның 52-минутында ел құрамасынан Владимир Волков қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша Қазақстан құраамсы қарсыласынан 2:1 есебімен басым түсіп, әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісіне қол жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу