Қазақстан Новороссийскідегі терминал қауіпсіздігіне алаңдаулы

458

Портта кемелердің қозғалысына уақытша тыйым салынған.

Қазақстан Новороссийскідегі терминал қауіпсіздігіне алаңдаулы Фото: Ашық дереккөзден

Қазақстан Новороссийскідегі порт жұмысының қауіпсіздігін саяси деңгейде қамтамасыз етуге бастама көтереді. Бұл туралы Энергетика министрі мәлімдеді.

Сатқалиев Новороссийск портына шабуыл жасалғанмен, Каспий құбыр консорциумы тұрақты жұмысты қамтамасыз етті деп отыр. Бірақ портта кемелердің қозғалысына уақытша тыйым салынған.

Каспий құбыр консорциумы - қазақстандық мұнайдың негізгі экспорттық бағыты. Ол еліміздің батысындағы мұнай кен орындарын Новороссийскідегі теңіз терминалымен байланыстырады. Сондықтан Қазақстан терминалдың Қара теңіздегі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз ету бойынша бастама көтеруге ниетті.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу