Қазақстан ОБСЕ-нің экономикалық-экологиялық комитетіне төрағалық етеді

1653

Қазақстан ОБСЕ-нің экономикалық-экологиялық комитетіне төрағалық етеді

ОБСЕ жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі Қайрат Сарыбай  ОБСЕ-нің экономикалық-экологиялық комитетінің 2017 жылғы басшысы болып тағайындалды, деп хабарлады еліміздің СІМ баспасөз қызметі.

Жұма күні таратылған ақпаратқа сай, бұл тағайындау ұйым аясында экономикалық өзара байланысты, түрлі интеграциялық бірлестіктер арасында ынтымақтастықты дамыту, жасыл экономика және экология, көлік қауіпсіздігі және транзит мәселелері бойынша идеяларды ілгерлетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар Қазақстанның аталған комитетке төрағалық етуі 2017 жылы 14-16 маусымда Астанада ЭКСПО-2017" алаңында жоспарланған ОБСЕ-нің экономикалық-экологиялық форумына дайындалуға және өткізуге мүмкіндік береді.

Сондай-ақ баспасөз қызметі бұл тағайындау ОБСЕ-нің тұрақты Кеңесі отырысы барысында жасалғанын, онда  Аустрияның сыртқы істер министрі Себастьян Курц ОБСЕ-ге төрағалықты қабылдап, ұйымды дамыту жайымен бөліскенін хабарлады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу