Қазақстан өкілдері ИКАО-ның халықаралық конференциясына қатысуда

934

Қазақстан өкілдері ИКАО-ның халықаралық конференциясына қатысуда

Қазақстан авиация қауіпсіздігін одан әрі нығайту жөнінде шаралар қабылдайды

Лиссабон (Португалия) қаласында халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) авиациялық қауiпсiздiк бойынша халықаралық конференциясы өтуде. Конференцияның мақсаты - 2017 жылы қабылданған ИКАО-ның ғаламдық авиациялық қауіпсіздік жоспарын жүзеге асыру. Бұл туралы азаматтық авиация комитетінің баспасөз қызметі хабарлайды. 

Бұл іс-шараға ИКАО-ның Еуропалық және Солтүстік Атлантика аймақтарының 56 елінің авиациялық билік органдарының басшылары қатысуда. Қазақстан атынан ҚР ИДМ азаматтық авиация комитетінің төрағасы Талғат Ластаев, комитеттің авиациялық қауіпсіздік басқармасының басшысы Дархан Қатышев және "Қазаэронавигация" РМК бас директоры Азат Бектұров қатысуда.
Өткен жылы өткізілген аудит негізінде авиациялық қауіпсіздік және ИКАО стандарттарына сәйкестік бойынша Қазақстанның қарқынды дамуын ескерген xалықаралық ұйым ҚР азаматтық авиация комитетінің басшысы Талғат Ластаевқа ИКАО жаһандық жоспарының шеңберінде авиациялық қауіпсіздікті қадағалауды жетілдіру бойынша еліміздің үздік тәжірибесімен бөлісуді ұсынды. 
Сондай-ақ, ИКАО-ның ауқымды конференциясындағы сессияның модераторы ретінде Азат Бектұров тағайындалды.

Конференция барысында Қазақстан делегациясы ИКАО басшысы доктор Фан Лю, ИКАО өңірлік бюросының директоры Луис Фонсека де Альмейдамен екіжақты кездесулер өткізіп, ғаламдық жоспарын жүзеге асыру мақсатында ұлттық жол карталарын әзірлеу мәселесі талқыланды. Конференция алаңдарында Ресей Федерациясы делегациясымен екіжақты жұмыс кездесуі өтті.
Айта кету керек, Қазақстан 2017 жылдың қараша айында ИКАО-ның авиациялық қауіпсіздік аудитінен сәтті өтті және ИКАО стандарттарын енгізу 83%-ды құрады. Бұл Қазақстанның 2009 жылғы аудитіне қарағанда әлемдік орташа көрсеткіштен 11%-ға және 21%-ға жоғары.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу