Оқушылар ақпан айында 7 күн демалады

140

Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігі мәлім етті.

Оқушылар ақпан айында 7 күн демалады Фото: Ерлан ОМАР, «EQ»

2025-2026 оқу жылының кестесіне сәйкес, 1-сынып оқушылары 2026 жылдың 9 ақпанынан 15 ақпанына дейін демалады. Жалпы демалыс уақыты – 7 күн, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

16 ақпанда балалар сабаққа оралып, мектеп кестесі бойынша оқуды жалғастырады. 1-сынып оқушыларына арналған қосымша демалыс балалардың оқу жүктемесіне бейімделуіне және оқу жылының ортасында шамадан тыс шаршамауына көмектеседі.

Мұғалімдер демалысты тек тынығу үшін емес, күн тәртібін қалпына келтіру үшін де пайдалануды ұсынады. 

Сарапшылардың кеңестері:

  • Жеткілікті ұйықтау және әдеттегі күн тәртібін сақтау;
  • Көбірек таза ауада уақыт өткізу;
  • Гаджеттер мен экран алдында өткізілетін уақытты азайту;
  • Демалысты жеңіл интеллектуалдық белсенділікпен алмастыру, мысалы, оқу немесе үстел ойындары.

Мұндай шаралар, мұғалімдердің пікірінше, балалардың оқуға оңай оралуына және сабаққа қызығушылығын сақтауға көмектеседі.

Қазақстандағы 2025-2026 оқу жылының мектеп демалысы кестесі

Оқу жылы 4 тоқсанға бөлінеді. Қысқы демалыстан кейін оқушылар ең күрделі және ұзақ үшінші тоқсанға кірді. Ол шамамен 10 аптаға созылады.

Көктемгі демалыс 2026 жылдың 19-нан 29 наурызына дейін жоспарланған (11 күн). Төртінші тоқсан шамамен 8 аптаға созылып, 2026 жылдың 25 мамырында аяқталады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу