Қазақстан оқушылары FIRST World Championship дүниежүзілік чемпионатында бірден үш номинацияға қол жеткізді

630

Жарыс Американың Хьюстон қаласында өтті. 

Қазақстан оқушылары FIRST World Championship дүниежүзілік чемпионатында бірден үш номинацияға қол жеткізді Фото: Егемен Қазақстан

Алматылық 6 жастан 10 жасқа дейінгі ең жас санаттағы Adeptus Mechanicus командасы жоғары ынта-жігері, ынтымақтастық рухы және өзара сыйластығы үшін Core Values Award ерекше марапатын иеленді. Бастауыш сынып оқушыларының инновациялық жобасы мен техникалық әзірлемелері қатысушылар арасында ең үздіктерінің бірі болды, деп жазады inbusiness.kz Егемен Қазақстанға сілтеме жасап.

Play 4 Energy командасы LEAS мектебінің оқушылары 10-16 жас аралығындағы орта санаттағы Robot Design Award жоғары техникалық сыйлығын қанжығасына байлады.  Олар күрделі тапсырмаларды орындай алатын берік және тиімді робот жасау арқылы тамаша бағдарламалау және инженерлік дағдыларды көрсетті.

12 жастан 18 жасқа дейінгі жоғары санаттағы Motivate Award Finalist төрешілердің ерекше марапатына Алматының республикалық физика-математика мектебінің AENTA командасы иеленді. Айта кетейік, бұған дейін оқушылар тегін фестивальдар мен тренингтер өткізіп, өз құрдастарына робот-техника мен бағдарламалау негіздерін таныстырған болатын.

"Оқушылар тамаша нәтижелер көрсетіп, елімізді абыроймен таныстырды. Шәкірттеріміздің жеңісіне қатысы бар барлық жанға алғыс білдіреміз! Бұл Қазақстандағы STEM дамуындағы жемісті жолдың басы ғана", деді USTEM Robotics қоғамдық қорының негізін қалаушы Нұрдәулет Досмағамбет.

Айта кетейік, робот-техника бойынша бүкіләлемдік чемпионатқа барлығы 36 мың бала қатысты. Ел намысын 50-ге жуық қазақстандық оқушы қорғады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу