Италия астанасы Римде әлемнің түкпір-түкпіріндегі робототехника әуесқойларын біріктіретін ең ірі жарыстардың бірі – Фибоначчи халықаралық робот олимпиадасы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Кілең мықтылар бақ сынаған сайыста Ақмола облысына қарасты Бурабай ауданындағы Абылайхан атындағы мектеп командасы топ жарып, әлем чемпионы атанды.
Жеңімпаздар: Жеңіс Дидар, Қаппасов Дидар, Қадірбай Нұрәлі. Топ жетекшісі Нұржан Ғалиұлы Әбілжанов.
Бұған дейін бұл құрама республикалық кезеңде іріктеуден өтіп, Түркияның Анталия қаласында өткен Азия чемпионатына қатысқан болатын. Онда Қазақстан намысын қорғаған оқушылар үздік нәтиже көрсетіп, халықаралық жарысқа қатысу құқығына ие болған еді.