Қазақстан өлім көрсеткіші бойынша 107-орында тұр

857

Үкімет отырысында денсаулық сақтау министрі Алексей Цой коронавирус инфекциясының таралу қарқыны бәсеңдеп келе жатқанын жариялады. 

Қазақстан өлім көрсеткіші бойынша 107-орында тұр

Белгілі болғандай, біздің ел әлемдік рейтингіде ауру жұқтыру көрсеткіші бойынша 221 мемлекеттің арасында 108-орында, ал өлім көрсеткіші бойынша 107-орында тұр, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Жоғары эпидемиологиялық тәуекел аумағында 10 өңір, атап айтқанда Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда, Маңғыстау және Павлодар облыстары тұр. Бүгін орташа эпидемиологиялық тәуекел аймағына Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Алматы және Қостанай облыстары кіреді. "Жасыл" аймаққа – Түркістан, Солтүстік Қазақстан облыстары орналасты", – деді Алексей Цой. 

Министрдің мәлімдеуінше, науқастанудың күнделікті динамикасы наурыз айының соңындағы 46%-дық өсімнен 8%-ға төмендеді. 

"Соңғы аптада оның алдындағы аптамен салыстырғанда өлім-жітім өсімі 30%-дан 8%-ға дейін төмендеді", – деді Алексей Цой.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу