Қазақстан өлім-жітім көрсеткіші бойынша 85-орында тұр

972

Өлім-жітім Алматы облысында өзге өңірлерден көп тіркелген, ең аз тіркелген аймақ – Маңғыстау облысы.

Қазақстан өлім-жітім көрсеткіші бойынша 85-орында тұр

Қазақстан өлім-жітім деңгейі бойынша елдер рейтингінде 229 мемлекеттің ішінен 85-орында тұр, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz-ке жасап.

Еліміздің коэффициенті – 8,11. Рейтинг 1000 адамға шаққандағы қайтыс болғандар санын, яғни өлім-жітім коэффициентін есептеуге негізделген.

Өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Сербия, Румыния және Литва елдерінде тіркелді. Украина, Ресей және Беларусь ондық қатарына кірді.

2022 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша елімізде 69,2 мың адам қайтыс болған. Былтырғы жылмен салыстырғанда бұл 9,6%-ға аз.

Республика бойынша өлім-жітімнің ең жоғары деңгейі Алматы облысында тіркелді. Үштіктер қатарында Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстары бар. Өлім-жітімнің ең төмен деңгейі Маңғыстау облысында тіркелген.

Ақпаратта көрсетілгендей, Елорданы қоспағанда биыл еліміз бойынша өлім-жітім деңгейінің айтарлықтай төмендеуі байқалған.

Елдегі өлім-жітім жағдайының басым бөлігі қан айналымы жүйесіндегі ауруларға тиесілі. Бұл ауру салдарынан 15,6 мың адам қайтыс болған. Бұдан бөлек қатерлі ісік, тыныс алу аурулары, жазатайым оқиғалар, улану, жарақаттар, ас қорыту ауруларының салдарын да жатқызуға болады

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу