Қазақстан Олимпиадаға қанша жолдама ұтты

1286

Ұлттық құрама спортшылары Токио Олимпиадасына дайындығын жалғастыруда.

Қазақстан Олимпиадаға қанша жолдама ұтты

Қазіргі кезде спорттың 22 түрінен 53 лицензия бар. Бұл туралы Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Ұлттық олимпиадалық комитетпен бірге ұлттық құрама бойынша белсенді жұмыстар жүргізіліп жатыр. Олар спорттың 30 түрінен жарысқа қатысады. Осы уақытқа дейін құрамамыз спорттың 22 түрінен 53 лицензия жеңіп алды", - деді Ақтоты Райымқұлова есеп беру кездесуі барысында.

Бұған қоса министр 1 шілдеге дейін спортшылар қосымша лицензия жеңіп алу мүмкіндігі бар 15 турнир мен чемпионатқа қатысу жоспарланып отырғанын айтады. Сонымен қатар ел құрамасы Токиода өтетін жазғы паралимпиадалық ойындарға дайындығын жалғастыруда.

"Спортшыларымыз үш сайыс түрінен 9 лицензия жеңіп алды. 20 шілдеге дейін паралимпиадалық спорт түрлері бойынша ұлттық құрама сегіз іріктеу турниріне қатысуды жоспарлап отыр, онда қосымша лицензиялар беріледі",  деді министр.

Еске сала кетсек, Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындары 2020 жылдың жазында өтуі керек еді, бірақ коронавирустық пандемияға байланысты оларды 2021 жылға қалдыруға тура келді.  Енді әлемдік дода 23 шілде мен 8 тамыз, Паралимпиада 24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында өтеді деп жоспарланып отыр. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу