Қазақстан омбудсмені Қарағанды облысына барды

522

Қарағанды облысының әкімдігінде Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаевпен кездесу өтті.  

Қазақстан омбудсмені Қарағанды облысына барды Фото: gov.kz

Омбудсмен өңірдің активіне Қарағанды облысындағы өз өкілін таныстырды, деп жазады inbusiness.kz.

Бұл міндетті прокуратурада үлкен жұмыс тәжірибесі бар Азамат Тілешев атқаратын болады. Құқық қорғау органында бас маманнан басшыға дейінгі мансап жолын өткен. Қарағанды қаласы Қаражал қаласының, Октябрь ауданының прокуроры, Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары болып жұмыс істеген. 2022 жылдың қазан айынан бастап Қарағанды облысы бойынша адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өкілі болып тағайындалды.

"Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл институты өте маңызды. Біз адам құқықтарын қорғаудың басқа шаралары тиімсіз болған кезде әрекет етеміз. Сонымен қатар, біз басқа атқарушы немесе құқық қорғау органдарының құзыретін алмастыруға емес, толықтыруға және көмектесуге ат салысамыз", – деп атап өтті Артур Ластаев.

Жыл басталғалы Қарағанды облысы бойынша өкіл кеңсесіне 13 шағым түскен. Дені сот актілері, қылмыстық қудалау әрекеттерімен келіспеу және жалақы төлемеу мәселесі.

Жұмыс сапары барысында омбудсмен Қарағанды қаласының Достық үйінде азаматтарды жеке қабылдау өткізеді. Бұдан басқа, ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен және үкіметтік емес ұйымдармен кездесулер өткізіліп, онда балаларды құқықтық қорғау, адам құқықтары мен бостандықтары саласында ақпараттандыру мәселелері талқыланады.

Бұдан өзге Артур Ластаев Долинкадағы түзеу колониясына барып, сотталғандарды жеке қабылдайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу