Қазақстан тізгіні оң жақтағы көліктерді әкелуге 6 айға тыйым салады

Шектеу ЕАЭО стандарттарына байланысты енгізілді. 

Қазақстан тізгіні оң жақтағы көліктерді әкелуге 6 айға тыйым салады  Фото: inbusiness.kz

Қазақстан республикаға 6 ай мерзімге тізгіні оң жақтағы жеңіл автомобильдерді бөлшектелген түрде әкелуге тыйым салады. Тиісті бұйрықты ҚР-ның Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазақстан Республикасының аумағына алты ай мерзімге тізгіні оң жақтағы, бөлшектелген жеңіл автокөліктерді әкелуге тыйым салу енгізілсін", - делінген хабарламада.

Құжатқа сәйкес, тыйым Еуразиялық экономикалық одақ туралы шарттың кейбір баптарына сәйкес бекітіледі.

2023 жылғы 29 желтоқсандағы "рульдік басқарудың оң жақта орналасқан жеңіл автомобильдердің жекелеген түрлерін әкелуді реттеудің кейбір мәселелері туралы" бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу