Кәсіпкерлерге дүние жүзі бойынша онлайн сауда жасауға мүмкіндік туды

1452

Кәсіпкерлерге дүние жүзі бойынша онлайн сауда жасауға мүмкіндік туды

Қазақстанның сауда компаниялары мен  дилер, тауар өндірушілеріне, сондай-ақ жеке кәсіпкерлерге  дүние жүзі бойынша онлайн сауда жасауға мүмкіндік туды. Бұл туралы "Zoodel" компаниясының сату жөніндегі директоры Азамат Мұхаммед айтты, деп хабарлайды atameken.kz. 
Азамат Мұхаммедтің айтуынша, 2017 жылдың соңына дейін Қазақстанда жаңа ZoodMall.kz В2С сауда алаңы іске қосылып, өндіруші компанияларға, дилерлерге, белгілі қазақстандық және дүниежүзілік сауда маркаларының өкілдеріне тауарын тікелей ұсынуға мүмкіндік береді. Бұл қазақстандық тұтынушылар мен бөлшек сауда нарығындағы шағын және орта бизнес үшін жаңа мүмкіндік.
Биылғы жылдың 13 қарашасы мен 22 желтоқсаны аралығында "Атамекен" ҚР ҰКП-ның қолдауымен Zoodel мен "Қазпошта" Қазақстанның он сегіз қаласында "Онлайнға шығып, дүниежүзінде сауда жаса" атты бірқатар білім беру бизнес-семинарын өткізуде. Білім беру науқанының мақсаты - қазақстандық компанияларға өнімдерін ZoodMall.kz арқылы бүкіл әлемге сатуға көмектесу. Семинарда ұйымдастырушылар ZoodMall.kz интернет-алаңдары арқылы заманауи сату құралдарымен таныстырды. 
Компанияның өкілдері "ол жерде жұмыс істеу өте оңай:алдымен тіркеліп, ZoodMall командасының растауын алу қажет.Одан кейін тауарларыңызды барлық ақпаратты (сипаттамасын, жеткізілім көлемін, бағасын, суретін, т.б.) көрсетіп, оны бүкіл дүниежүзінде және ел ішінде тұтынушыларға сата аласыз", - дейді . 
ZoodMall.kz – сатушылар мен өндірушілерге ел ішінде сатуға және тауарларды ең ыңғайлы жолмен экспорттауға мүмкіндік беретін Zoodel мен "Қазпоштаның" бірлескен кешенді шешімі. Бұл сауда құралының ішіне: оқыту және электронды коммерция үшін арнайы шешім беру; ШОБ-ты Қазақстанның және одан тыс жердің сату тәсілдеріне үйрету; тауарларды ZoodMall.kz сайтына мобильді жасақтама арқылы салу; дүниежүзілік халықаралық В2С сауда алаңдары (eBay, Amazon, Lazada, Cdiscount, т.б.) арқылы ZoodMall сайтына салынған барлық тауарларды таныту кіреді. Бұл күнделікті жүздеген миллион сатып алушыға қазақстандық өндірушілердің тауарына қол жеткізуге мүмкіндік береді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу