Қазақстан өңірлерінде спорт алаңдарының тапшылығы 37 пайызға жеткен

662

Бұл туралы ҚР Мәдениет және спорт министрі Дәурен Абаев Үкімет отырысында мәлім етті. 

Қазақстан өңірлерінде спорт алаңдарының тапшылығы 37 пайызға жеткен

"Спорттық инфрақұрылымының қажеттілігіне талдау жүргіздік. Жалпы аймақтық стандарттар жүйесі бойынша, 1000 адамға арналған спорт залдардың аумағы 80 шаршы метр болуы керек. Алайда өңірлердегі нақты жағдай бұл стандартқа сай келмейді. Елді мекендерде спорт залға деген қажеттілік 1 млн шаршы метрден жоғары. Ал қолданыста 935 мың шаршы метр бар. Демек спорт алаңдарының тапшылығы – 37 пайыз немесе 574 шаршы метрді құрайды", деген министр спорт зал тапшы өңірлерге тоқталды, деп жазады ҚазАқпарат

"Спортзал жетіспейтін аймақтардың қатарында Түркістан, Алматы облыстарын, сондай-ақ Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларын айтуға болады. Ол өздеріңіз көріп отырғандай, демографиялық себептерге байланысты. Павлодар, Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарындағы жағдай жақсы. Бірақ бұл аймақтарда да инфрақұрылым жағынан кемшілік жоқ емес", – деді Дәурен Абаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу