Қазақстан Оңтүстік Африка Республикасымен ынтымақтастық мәселесін талқылады

464

Сыртқы істер министрінің орынбасары Қанат Тумыш Оңтүстік Африка Республикасының Қазақстандағы Елшісі Кийтуметци Мэттьюспен кездесу өткізді.  

Қазақстан Оңтүстік Африка Республикасымен ынтымақтастық мәселесін талқылады Фото: gov.kz

Жүздесуге Қазақстан Республикасының ОАР-дағы жаңадан тағайындалған Елшісі Еркін Ахинжанов та қатысты, деп жазады inbusiness.kz.

Келіссөздер барысында тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын талқылады және өзара іс-қимылдың барлық бағыттары бойынша екіжақты байланыстарды одан әрі нығайтудың маңыздылығын атап өтті. Оның ішінде, 2023 жылы Астанада өтетін сыртқы істер министрліктері арасындағы саяси консультациялардың келесі раундына дайындық барысы талқыланды.

Кездесудің қорытындысы бойынша тараптар Астана мен Претория арасындағы әріптестікті жаңа сапалы деңгейге көтеру мақсатында екі елдің сыртқы саяси мекемелері арасындағы өзара іс-қимылды одан әрі ілгерілету бойынша уағдаласты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу