Қазақстан Оңтүстік Кореямен бірлесіп геологиялық барлау жүргізбек

200

Астанада "ҚазМұнайГаз" ҰК АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Шафкат Құдабаев Korea National Oil Corporation (KNOC) президенті Сон Джу Сокпен кездесті.  

Қазақстан Оңтүстік Кореямен бірлесіп геологиялық барлау жүргізбек Фото: kmg.kz

Тараптар геологиялық барлау саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін талқылады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін перспективті барлау учаскелері бойынша бірлескен жұмыс аясында Кореяның ұлттық мұнай-газ компаниясы мамандарына ҚМГ-ның геологиялық барлау жобалары таныстырылған болатын.

Қазіргі уақытта KNOC компаниясының "ҚазМұнайГаздың" жоспарлы түрде кеңейіп келе жатқан геологиялық барлау пулынан жаңа жобаларды іске асыруға қатысу мүмкіндіктері қарастырып жатыр.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өзара іс-қимылдың негізгі мәселелері жөніндегі байланыстарды жандандыруға дайын екендіктерін жеткізді.

А Н Ы Қ Т А М А: 

Korea National Oil Corporation (KNOC) – Ульсан қаласында 1979 жылы құрылған Оңтүстік Кореяның ұлттық мұнай-газ компаниясы. Ол елдің негізгі өнеркәсіптік корпорацияларының бірі. KNOC мемлекеттік стратегиялық мұнай қорларын басқарумен қатар, мұнай өңдеумен айналысады. Сондай-ақ компания Оңтүстік Кореяда "үнемді" жанармай құю станцияларының желісін дамытып, отын нарығын тиімді бақылау және басқару үшін цифрлық шешімдерді енгізуде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу