Қазақстан ОПЕК+ алдындағы өз міндеттемелерін артығымен орындады

776

Маусым айында тәулігіне 1,297 млн баррель "қара алтын" өндірілді.

Қазақстан ОПЕК+ алдындағы өз міндеттемелерін артығымен орындады

Қазақстан маусым айында ОПЕК+ аясындағы мұнай өндіру көлемін қысқату туралы келісімдегі өз міндеттемелерін 105% орындады, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан Энергетика министрлігіне сілтеме жасап.

"Алдын ала деректер бойынша конденсатты есепке алмағанда маусым айында мұнай өндірісі 5,3 млн тоннаны немесе тәулігіне 1,297 млн баррелді құрады. ОПЕК+ келісімі аясында міндеттемелер маусым айында 105%-ға ооындалды", – деп жазылған хабарламада.

Еске сала кетсек, Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мамыр айында міндеттемелерін 71%-ға орындаған. Алайда бұл олқылықтың орнын еліміз тамыз, қыркүйек айларында толтырмақ. Ол үшін үкімет екінші жартыжылдыққа кен орындарна арнайы квоталар бөлген.

Жалпы еліміз аталған келісім аясында 2020 жылдың мамыр-шілде айларында мұнай өндірісін тәулігіне 390 мың баррельге төмендету жөнінде міндеттеме алған. Бұл ретте тәуліктік "қара алтын" өндірісі 1,319 млн баррельді құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу