Қазақстан ОПЕК+ бойынша өз міндеттемелерін өндіруді қысқарту есебінен өтейді

1226

Елімізде мұнай өндірісі тәулігіне 320 мың баррельге қысқаруы мүмкін.  

Қазақстан ОПЕК+ бойынша өз міндеттемелерін өндіруді қысқарту есебінен өтейді

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігі мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Каспий құбыр консорциумын қалпына келтіру жұмыстарына байланысты биылғы жылдың сәуір айының соңына дейінгі жөндеу кезеңінде Қазақстанда қысқарған мұнай өндірісінің көлемі тәулігіне шамамен 320 мың баррельді (1,3 млн тонна) құрауы мүмкін. Бұл қысқарту ОПЕК+ серіктестерімен өзара әрекеттесу аясында өтемақы жоспарының бір бөлігі ретінде қарастырылады", – деп хабарлады ведомствода. 
 
Маусым-шілде айларында НСОС объектілерінде күрделі жөндеу жүргізуді ескере отырып, Қазақстан маусым айының соңына қарай ОПЕК+ келісімі шеңберінде өндіруді шектеу бойынша өз міндеттемелерін толық өтейді. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу