Қазақстан ОПЕК-тің мұнай өндірісін азайту туралы талабына мамыр айының аяғында жауап береді. Бұл туралы энергетика вице-министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты. Оның айтуынша, Қашаған мұнайы әлі жоспарланған деңгейге жеткен жоқ. Сондықтан Қазақстан нақты шешім қабылдай алмай отыр.
Айта кетейік, ОПЕК-тің кезекі отырысы 24-25 мамыр күндері Вена қаласында өтеді. Онда мүше елдер мұнай өндірісін екінші жарты жылдықта азайту мәселесін талқылайды. Жиынға Қазақстан делегациясы да қатыспақ. Нақты жауап сол кезде айтылады.
Автор: Жәния Әбдібек
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу