Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мәлімдеме жасады

381

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Қазақстан ОПЕК+ келісімі бойынша мәлімдеме жасады Фото: Pixabay.com

Қазақстан ОПЕК + келісіміне бейілділігін растайды және ОПЕК+ қатысушы елдермен бірлесіп қабылданатын шешімдерді қолдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бұл туралы ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

"Энергетика Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 53-ші отырысы шешімінің қорытындысы бойынша Қазақстан өтемақының егжей-тегжейлі жоспарын дайындады, оған сәйкес 2024 жыл ішінде 1-тоқсанда асыра орындалған көлемдерді біртіндеп өтейді. 
Қазақстан өз міндеттемелерін сақтау және белгіленген өтемақы жоспарына сәйкес артық өндірісті өтеу үшін бар күшін салады.

Біз әр елдің міндеттемелерін орындаудың және мұнай нарығын тұрақтандыру мақсатында ынтымақтастықты қолдаудың маңыздылығын түсінеміз", - делінген хабарламада. 

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан өзінің ағымдағы ерікті міндеттемелерін 2024 жылдың маусым айының соңына дейін ұзартты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу