Қазақстан ОПЕК келісімінен бас тартпайды

861

Қазақстан ОПЕК келісімінен бас тартпайды

Қазақстан Республикасы энергетика министрлігі кейбір танымал ақпараттық агенттіктердегі Қазақстан ОПЕК келісімінен бас тартуы мүмкін екені туралы хабарламаны жоққа шығарды. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.

Ведомство соңғы теріс жарияланымдарға байланысты Қазақстан ОПЕК және ОПЕК емес елдер арасындағы мұнай өндіру деңгейін қысқарту туралы келісім бойынша бұған дейін қабылданған міндеттемелердің орындала беретінін растап отыр.

"Біз 2018 жылғы сәуірге дейін қабылдаған міндеттемелерді одан әрі де ұстанатын боламыз. Әріптестерден міндеттемелер деңгейін ұзарту немесе өзгерту туралы ұсыныстар келіп түскен жоқ. Сондықтан бұл мәселе қарастырылмайды.Сол себепті ҚР Энергетика министрлігінің ақпаратын біржақты қабылдап, өз еркінше түсіндірмеуді сұраймыз", - делінген баспасөз хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу