Қазақстан Опек келісімінен біртіндеп бірнеше ай көлемінде шығуды көздейді. Сәйкесінше, осы уақыт аралығында мұнай өндірісін арттыра бермек. Бұл туралы Энергетика министрі Қанат Бозымбаев, Ыстамбұл қаласында өтіп жатқан 22-ші халықаралық мұнайшылардың Конгресінде, тілшілерге берген жауабында айтты. Сондай-ақ, министр ресми Астананың әлі ОПЕК келісіміне қатысты нақты шешім шығармағанын, оның жауабы қараша айында өтетін ОПЕК-тің келесі саммитіне дейін белгілі болатынын жеткізді. Қанат Бозымбаевтың мәліметінше, қазір еліміз ОПЕК келісімін сақтап отыр. Қазақстан осыған дейін мұнай өндірісінің биылғы көлемін 81 млн тонна деп межелеген болатын. Алайда, ішкі өндіріс енді одан да артуы мүмкін деді министр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу