1 ақпанда бейнеконференция форматында ОПЕК+ Бірлескен министрлік мониторинг комитетінің (JMMC) 52-отырысы өтті.
Онлайн жиынға Қазақстан атынан Энергетика Вице-министрі Әлібек Жамауов қатысты. Отырыста қатысушы елдердің 2023 жылы келісім бойынша міндеттемелерді орындауы талқыланды.
Комитет ОПЕК+ шеңберінде қабылданған уағдаластықтардың мониторингін және мұнай нарығындағы ахуалды бағалауды жалғастырады.
Комитеттің келесі отырысы 2024 жылғы 3 сәуірде өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу