Қазақстан ОПЕК ұсынысын қабылдай ма?

812

Қазақстан ОПЕК ұсынысын қабылдай ма?

Қазақстан ОПЕК ұсынысын талқылауға әзір. Бүгін үкімет үйіндегі брифинг барысында энергетика министрі Қанат Бозымбаев осындай мәлімдеме жасады.

Мекеме басшысы бастаған делегация 25 мамарыда Австрияға ОПЕК-тің кезекті жиынына баруы тиіс. Бұған дейінгі шектеу келісіміне сәйкес, елімізде қара алтын өндірісі тәулігіне 20 мың баррельге дейін азайтылған. Әйтпесе, өндірісті тәулігіне 1 млн 700 мың баррельге дейін жеткізуге қауқары бар еді.

Еске салсақ, Сауд Арабиясы әлемдік өндірісті шектеуді тағы 6-дан 9 айға дейін ұзартуға ұсыныс білдірген болатын.

Қанат Бозымбаев, ҚР Энергетика министрі:

- Өткен аптада Қазақстанға Сауд Арабиясының Энергетика министрі келіп кетті. Біраз мәселені талқыладық. Талқылау барысында Сауд Арабиясының Энергетика министрі ұсыныс (мұнай өндірісін азайту) жасады. Бұл мәселені талқылаймыз. Бірақ олардың келісіміне қандай шартпен қосылатынымыз, қандай көлемді шектейтініміз белгісіз. Осы мәселені талқылау үшін министрліктен мен немесе менің орынбасарларым 24-25 мамырда Венаға барады.

Дегенмен, энергетика министрі шектеуді жасау Қазақстан үшін қиын екенін айтады. Өйткені қазір Қашаған өндірісі тәулігіне 140-150 мың баррельге жеткен. Енді жыл соңында 200-300 мың баррельге көтерілуі тиіс. Сөйтіп, 2017 жылғы өндіріс 8 млн тоннаны құрау жоспары түзілген. Ал жалпы қаңтар-сәуір айында Қазақстан 21 млн тонна мұнай шығарыпты.

Автор: Арай Сүгірбай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу