Қазақстан Орталық Азия елдеріне азық-түлік өнімдерін табысты экспорттап отыр

198

Үкімет орташа және жоғары деңгейде өңделген тауарлар экспортын қолдауға басымдық беріп келеді.

Қазақстан Орталық Азия елдеріне азық-түлік өнімдерін табысты экспорттап отыр Фото: kzvesti.kz

Премьер-Министр Олжас Бектенов Үкімет отырысында отандық өнімді өткізу нарығын кеңейту қажеттігін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

"Қазақстан Орталық Азия елдеріне азық-түлік өнімдерін табысты экспорттап отыр. Металлургия өндірісінің тауарларын таяу көршілерімізге, Еуропаға да, басқа елдерге де жібереміз. Отандық өнімді өткізу нарығын кеңейту қажет. Ол үшін шетелде экспортты барынша тиімді ұсына білуіміз керек. Осы мәселеге байланысты кейбір серіктес елдерге сауда өкілдері жіберіліп жатыр. Алайда бұл жұмыс баяу жүріп жатыр және оны барынша күшейту қажет", - деді Үкімет басшысы.

Сөзінше, өткен аптада Қытаймен сауда қатынастарын кеңейту мәселелері жан-жақты талқыланған.

"Бұл бағыттың перспективасы жоғары. Осыған байланысты Сауда, Сыртқы істер және Қаржы министрліктеріне 1 шілдеге дейін Бейжіңге сауда өкілдерін жіберуді және Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында сауда өкілдігін ашуға толық әзірлікті қамтамасыз етуді тапсырамын. Орташа және жоғары деңгейде өңделген тауарлар экспортын қолдауға баса назар аудару қажет. Ол үшін экспортты қолдаудың қолданыстағы бағдарламаларын күшейтудің, инновацияларды ынталандыру мен өндірістерді кеңейтудің маңызы зор", - деп атап өтті Премьер-Министр.

Олжас Бектенов сауда саясатында тың әрі батыл тәсілдер қажет екенін жеткізді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу