Қазақстан Орталық Азия елдеріне спутниктік байланыс қызметін көрсетпек

1801

Қазақстандық KazSat байланыс және хабар тарату спутниктік жүйесі өзінің қызмет көрсету ауқымын кеңейтуді жоспарлап отыр. 

Қазақстан Орталық Азия елдеріне спутниктік байланыс қызметін көрсетпек

Бұл туралы ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің алқа отырысында ведомствоның вице-министрі Марат Нұрғожин мәлім етті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

"Республикамыздың "KazSat-2" және "KazSat-3" жерсеріктері және жерүсті басқару кешендерінен құралған жеке ғарыштық байланыс жүйесі бар. 2023 жылы "KazSat-2" жерсерігін пайдалануға беру уақыты аяқталып, оны алмастыру үшін "KazSat-2R" ғарыш аппаратын іске қосу жоспарланған", - деді вице-министр.

Оның айтуынша, "KazSat-2R" жобасының міндеті - "KazSat-2" жерсерігі арқылы жұмыс істеп отырған байланыс желілерінің жұмысын реттеп, спутниктік байланыс қызметі экспортын Орталық Азия елдеріне шығару. "KazSat" ғарыштық байланыс жүйесі еліміздің бүкіл аумағындағы телекоммуникациялық операторлар, ұлттық компаниялар және холдингтер, мемлекеттік органдар мен жеке ұйымдар цифрлық телерадио хабар тарату, Интернет желісіне кең жолақты қолжетімділік, деректерді беру және корпоративтік спутниктік байланыс желілері қызметтерімен қамтамасыз етеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу