Қазақстан Ортсайлаукомы Азия сайлау органдары қауымдастығы Атқару комитетіне мүше болды

866

Қазақстан Ортсайлаукомы Азия сайлау органдары қауымдастығы Атқару комитетіне мүше болды

7 сәуірде Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР ОСК мүшесі М.Сәрсембаев Филиппинге сапарының қорытындылары бойынша баяндама жасап, Қазақстан Ортсайлаукомы ресми түрде Азия сайлау органдары қауымдастығы Атқару комитетіне мүше болып сайланғанын айтты, деп хабарлайды 24Хабар.

Биыл наурыз айының аяғында Филиппин астанасы Манила қаласында Азия сайлау органдары қауымдастығы (Association of Asian Election Authorities) Бас Ассамблеясының отырысы болған еді. Отырысқа Азияның 18 елінен 40 делегат қатысты.

Екі жыл мерзімге сайланатын Атқару комитеті қауымдастықтың Бас Ассамблеяларының аралығындағы кезеңде басшы орган болып табылады. Қазақстан Республикасы Үндістан, Индонезия, Тайвань және Пәкістанмен қатар, ресми түрде Қауымдастық Атқару комитетінің мүшесі болғанын атап өту қажет. Филиппиннің Андреас Баутист басқаратын Сайлау жөніндегі комиссиясы Ассоциация төрағасы қызметіндегі Үндістан Сайлау комиссиясының орнын басты. Ресей Федерациясы Орталық сайлау комиссиясы Қауымдастық төрағасының орынбасары болып сайланды. Ол Қауымдастық Жарғысына сәйкес екі жылдан соң Қауымдастық төрағасы қызметіндегі Филиппиннің орнына барады.

Азия сайлау органдары қауымдастығы Азия елдері орталық сайлау органдарының бірлестігі болып табылады, оның миссиясы – ашық, айқын демократиялық сайлау өткізуді талқылау және ілгерілету мақсатында халықаралық партиялық емес форум өткізу.

Қазақстан Республикасының Ортсайлаукомы Қауымдастықтың басшы органына сайлануына жауапкершілікпен қарап, Азия өңіріндегі демократиялық сайлау процестерін жетілдіруге қомақты үлес қосуы тиіс.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу