"Қазақстан орыс тілін жоюға әрекет етіп жатыр": Динара Сәтжан Тина Канделакидің айыптауларына жауап берді

859

Ресейлік тележүргізуші бұл өте қауіпті үрдіс екенін айтты.

"Қазақстан орыс тілін жоюға әрекет етіп жатыр": Динара Сәтжан Тина Канделакидің айыптауларына жауап берді Фото: inbusiness.kz

Журналист Динара Сәтжан ресейлік тележүргізуші Тина Канделакиге "Қазақстандағы орыссыздандыру" туралы айыптауларына жауап берді, деп хабарлайды inbusiness.kz  сайты.

"Қазақстан мемлекеттік деңгейде ақырындап орыс тілін жою жолында жұмыс істеп жатыр. Республиканың Көлік министрлігі бірнеше вокзалдың атын өзгертіп, орысша атауларды қазақшаға ауыстырды. Мысалы, "Уральск" "Орал", "Узенді" "Жаңаөзен" деп ауыстырды. Балтық тәжірибесі көрсеткендей, бұл өте қауіпті үрдіс. Мұнда да бәрі ұсақ-түйектен басталып, кейін нағыз қауіпті жағдайға айналды: орыс мектептері жабылды, кеңестік ескерткіштер жойылды, орыс тіліне тыйым салынды, ақыры зейнеткерлерді аяз жаққа қуып жіберді. Тарихи әділдік орнатамыз деген сылтаумен осындай алысқа кетіп қалды. Мұндай күмәнді шешімдерді алға тарту үшін тарихтың артына тығылу әсіресе ыңғайлы", – деп жазды Тина Канделаки Telegram арнасында.

Қазақстандық журналист Динара Сәтжан Канделакиге Қазақстанның тәуелсіз мемлекет екенін және қазақстандықтар теміржол вокзалдарын қалай атайтынын өздері шешетінін еске салды.

"Екіншіден, Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Кеңес өкіметі жылдарында жоғалған ана тілін біртіндеп қайтарып келеді.

Үшіншіден, орыс тілі елімізде ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады, қазақ тілі - мемлекеттік тіл.

Ал бұл біздің Конституцияның  7-бабында бекітілген. Темір жол вокзалдары өздеріңіз жазғандай өзгертілген жоқ, бірақ бұл олардың қазақ тіліндегі дұрыс аумақтық атаулары. Орыстың ығысуының бұған қандай қатысы бар? Ал бізде тек мемлекеттік тіл ғана емес, орыс, ағылшын тілдерінде де сөйлейміз. Бұл біздің күшіміз!", – деп жауап берді Сәтжан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу