Қазақстан өсімдік майының басым бөлігін Қытайға саудалаған

1626

Өткен жылы еліміз экспортқа шығарған барлық зығыр майын ҚХР сатып алған.

Қазақстан өсімдік майының басым бөлігін Қытайға саудалаған

2018-2019 жылдардың қорытындысына сүйенсек, отандық өсімдік майының басым бөлігі Қытайға экспортталған. Өткен жылы ҚХР Қазақстан шығарған барлық (31 мың тонна) зығыр майын сатып алған. Бұл 2017-2018 жылдардың осы кезеңімен салыстырғанда 1,5 есеге жоғары көрсеткіш. 

Бұдан бөлек Қазақстан экспортқа шығарған рапс майының 93%-ын, яғни 45 мың тоннасын да Қытай сатып алған. Аталған көрсеткіш 2017-2018 жылдармен салыстырғанда  2,4 есе жоғары. 

Сонымен қатар, 2018-2019 жылдары еліміз шетелге экспорттаған сұйық майдың 36% -ын Қытай сатып алған. Бұл өткен 2017-2018 жылдарға қарағанда 8%-ға төмен көрсеткіш. Осылайша көрші елге 25 мың тонна отандық сұйық май жөнелтілген. Ал соя майын Қытайға экспорттау көлемі керісінше 24%-ға төмендеген. 2018-2019 жылдары көші елге 1,6 мың тонна өнім сатылыпты. Бұл жалпы соя майын шетелге экспорттау бойынша Өзбекстаннан кейінгі екінші орын.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу