Қазақстан осы уақытқа дейін Азия даму банкінен 8,7 млрд доллар алған – министр

408

Еліміз бюджет шығыстарын жабу үшін тағы қарыз алады.

Қазақстан осы уақытқа дейін Азия даму банкінен 8,7 млрд доллар алған – министр Фото: primeminister.kz

Қаржы министрі Мәди Такиев Азия даму банкінен алынған қаражат көлеміне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"1994 жылдан бастап Азия даму банкінің мүшесіміз. 8,7 млрд доллар алдық. Бәрі бюджеттің тапшылығына жіберілген қаражат. Білім саласына, жолға, медицинаға бағытталады", – деді ведомство басшысы Құрылтайда өткен брифингте.

Тілшілер алынып жатқан қарызды өтеу үшін болашақта салық мөлшері артып, әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат қысқаруы мүмкін бе деп нақтылады.

"Ондай болмайды. Республикалық бюджет оны өтейді. Бүгін алып жатқан қарыз жоспарланып, бюджетте көзделген. Тапшылыққа байланысты осы қарызды алып отырмыз", – деп түсіндірді Мәди Такиев.

Айта кету керек, бұған дейін  Мәди Такиев халықаралық қаржы ұйымдарынан неге жиі қарыз алынатынын айтқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу