Қазақстан өз электр энергиясын шетелге экспорттау мүмкіндігін зерттеп жатыр

1109

Қазақстан өз электр энергиясын шетелге экспорттау мүмкіндігін зерттеп жатыр

Қазақстан өз электр энергиясын Қытай, Пәкістан және Ауғанстанға экспорттау мүмкіндігін зерттеп жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада энергетика мәселелеріне арналған конференцияда ҚР энергетика министрі Қанат Бозымбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Қытайдың нарығы ауқымды екенін білесіздер. Біз бірнеше жыл бойы электр энергиясын жеткізу мүмкіндіктерін зерттедік. Әрине, бізде бүгінде тиісті байланыс болмай тұр, бірақ алдағы уақытта бұл мәселе шешіледі деген ойдамын. Қытайда электр қуатын тұтыну көлемі артып келе жатқанын байқаудамыз. Сондықтан болашақта энергияны экспорттау мүмкіндігі бар", - деп тоқталды Бозымбаев. Оның пайымынша, Қазақстанға электр энергиясын Орталық Азияға экспорттау лайықты болады. Сонымен қатар Ауғанстан мен Пәкістанның бағытына қарай энергияны өткізу жүйесінің дамуы үдерісіне де назар аударған жөн.

"КЕГОК" компаниясы электр қауаты артықтау Қазақстанның орталық және солтүстік өңірлерін энергия тапшылығы байқалатын оңтүстікпен байланыстыратын желіні салып жатыр. Сонымен қатар оңтүстік аймақта электр энергетикасын дамытудың басқа да жобалары болашақта жоспарланған бағыттарда экспорттық әлеуетті арттыруға жол ашады. Қазіргі уақытта Қазақстан электр қуатын Ресейге экспорттап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу