"КАЕ" қазақстандық кәсіпорны Өзбекстан Қарулы күштерінің қажеттілігі үшін түнде көруге арналған құралдардың тәжірибелік партиясын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Атап өтілгендей, қазақстандық өнімдер Өзбекстан әскеріне 2017 жылдың соңында жеткізілген. Алайда, шетелдік серіктестер экспорттық өнімнің желісін арттыруға қайта қызығушылық білдірген.
"Зауыт өзінің электронды-оптикалық өнімін 2017 жылдың қыркүйек айында Ташкентте өткен "Өзбекстан-Қазақстан" ықпалдастықтың жаңа кезеңі" өнеркәсіптік жәрмеңкесінде таныстырған болатын. Кейін өзбекстандық тарап қызығушылық танытып, екіжақты келісім әзірленді. Түнде көруге арналған қазақстандық құралдар тиісті сынақтардан сәтті өтті. Атап өту керек, қазіргі уақытта өзбекстандық серіктестер экспорттық өнімнің желісін арттыруға қызығушылық білдіріп отыр", - деп атап өтті компаниядан.
"Қазақстан инжиниринг" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның құрамына енетін "КАЕ" ЖШС түнде көруге арналған құралдарды, тепловизиялық дәлдеуіштерді, электронды тақталар мен оптикалық линзаларды шығарумен айналысады. Кәсіпорынның өнімдері бүгінгі күні Қазақстан әскерінде кеңінен пайдаланылып, шетелге экспортталады.