Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті

828

2021 жылғы 7-11 маусымда Алматы қаласында Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы Үкіметтік делегацияларының 84-отырысы өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы  ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Қазақстан-Өзбекстан бірлескен демаркациялық комиссиясының кезекті отырысы өтті

Тараптар мемлекеттік шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын дайындауды және Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы арасындағы Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын демаркациялау туралы шарттың жобасын талқылауды жалғастырды. 

Келесі отырыс Өзбекстан Республикасында жоспарланған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу