Ташкентте қазақ-өзбек бизнес форумы өтіп жатыр

903

Ташкентте  қазақ-өзбек бизнес форумы өтіп жатыр

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Өзбекстан Республикасына жоспарланған мемлекеттік сапары аясында тап қазір Ташкентте қазақ-өзбек бизнес форумы өтіп жатыр, деп хабарлайды 24.kz.

Бұл жиын екі елдің экономикалық қатынасына қарқын қосары анық. Қос мемлекеттің байланысы бұрыннан бекем екені баршаға аян. Стартегиялық серіктестер соңғы уақытта алыс-берісті барынша ұлғайтып келеді. Дәлірек айтсақ, жартыжылдықта көрші елдер тауар айналымын төрт есеге жоғарылатты.

Бүгін 70-ке жуық қазақстандық компания өнімдері көрмеге шығарылды. Атап айтсақ, көлік құрастыру, фармацевтика, құрылыс, IT саласының мүмкіндіктері кеңінен таныстырылды. Өзбекстанның іскер өкілдері Назарбаев университетінің білім-ғылым, медицинада қол жеткізген жетістіктерін де көре алады. Ұлттық компаниялардың жаңашылдықтары да жан-жақты насихаталып жатыр. Мамандар осы форум нәтижесі бойынша 800 миллион доллардың келісіміне қол жеткіземіз деп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу