Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының жұмысы туралы хаттамаға қол қойылды

708

14-19 қараша аралығында Ташкентте бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының 100-ші отырысы өтті.

Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының жұмысы туралы хаттамаға қол қойылды

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінде өткен бриыингте, ведомстаның  ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz. 

"14-19 қараша аралығында Ташкент қаласында бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясындағы Қазақстан Республикасы мен Өзбекстан Республикасы үкіметтік делегацияларының 100-ші отырысы өтті.Тараптар Қазақстан-Өзбекстан мемлекеттік шекарасын шегендеу туралы шарттың жобасын және аталған шартқа қосымша болып табылатын шекараны демаркациялаудың қорытынды құжаттарының жобаларын қол қоюға дайындады. Сонымен қатар, тараптар бірлескен Қазақстан-Өзбекстан демаркациялық комиссиясының жұмысы туралы қорытынды хаттамаға қол қойды. Келіссөздер достық пен өзара түсіністік сипатында өтті", - деді Айбек Смадияров.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу