Қазақстан-Өзбекстан-Қырғызстанның энергетика саласы қысқа дайын ба?

505

Миллиардттаған қаржы құйып 3 ел бірігіп салатын ГЭС қашан бой көтереді?

Қазақстан-Өзбекстан-Қырғызстанның энергетика саласы қысқа дайын ба? Фото: Ашық дереккөзден

Орталық Азия елдерінің энергетика саласы қысқа дайын ба? Бүгін Ташкентте бас қосқан жауапты ведомства басшылары осы сұраққа жауап іздеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі. 

Одан бөлек су мен электр қуатының тапшылығы мәселесі де көтерілді. Жазда сумен қыста жылумен пробоемасы таусылмайтын өңір жыр болған мәселені қалай шешпек? Миллиардттаған қаржы құйып 3 ел бірігіп салатын ГЭС қашан бой көтереді?

Биылғы қыстан Қазақстан мен Өзбекстанның энергетика саласы әупіремдеп әрең шықты. Енді жауапты ведомствалар ертерек қимылдай бастапты. Бүгін Ташкентте Қазақстан, Қырғызстан мен Өзбекстанның энгергетика министрлері жиналып, энергетикалық дағдарыстың алдын-алу жолдарын талқылады.

Одан бөлек, Орталық Азиядағы су тапшылығы өңірдегі энергетикалық дағдарысты өршітіп барады. Қырғыздарға электр энергиясы жетпейді, бізге су керек. Сондықтан қазір трансшекаралық су ресурстарын бірлесіп пайдалану ең өзекті мәселеге айналды. Бірақ ортақ міндеттемелерді толық орындамай отырғандар да бар екен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу