Қазақ-Өзбек шекарасындағы 2 өткізу бекеті уақытша жабылды. Ресми мәліметке сай, "Қазығұрт", "Атамекен" өткізу бекеттерінің жұмысы шектеледі. Қайта жаңғырту жұмыстары аяқталғанша, бұл бекеттер арқылы жеке азаматтар мен автобустар өте алмайды.
Тек жүк автокөліктеріне рұқсат етілген. Әзірге реканструкцияның нақты қашан аяқталары белгісіз. Оған дейін азаматтар қалған 4 өткізу бекетін пайдалана алады. Еске сала кетсек, осыған дейін 2 ел шекарасындағы "Қапланбек" пунктінің күрделі жөндеуге 2024-ші жылға дейін жабылатынын хабарлағанбыз.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу