Қазақстан Өзбекстанға экспорттауға дайын 500 млн доллардың өнімін ұсынды

488

Еліміз Өзбекстанға экспорттауға дайын 500 миллилон доллардың өнімін ұсынды. Бұл туралы екі ел арасындағы стратегиялық серіктестіктің болашағы талқыланған жиында Бейбіт Атамқұлов айтты.

Қазақстан Өзбекстанға экспорттауға дайын 500 млн доллардың өнімін ұсынды

Отырысқа елшіден бөлек қос мемлекеттің Сауда және интеграция министрлерінің орынбасарлары да қатысты. Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапарынан кейін қос тараптың Үкіметі өзара алмастыра алатын тауарлар тізімін дайындауға кіріскен. Осылайша екі ел арасындағы сауда айналымын 10 млрд долларға жеткізбек ниетте. Мәселен, Қазақстан көршімізге жылына 5-7 млн тонна көмір экспорттаса, Өзбекстан 2 ГВ қуат өндіретін энергетикалық жүйе салады.

"Бүгінде біздің экспорттық ағынымыз Еуропа мен басқа да көрші елдерге кетіп жатыр. Олар енді біртіндеп Өзбектанға бағытталмақ. Қазақстан Үкіметі өзара алмасып сауда айналымын жасауға болатын тауарлар тізімін дайындады. Ал Өзбекстан тарапынан қарапайым экономикаға қатысты өнімдер келеді деп күтіп отырмыз. Бұл шара екі елге экономикалық қауіпсіз аймақ құруға мүмкіндік береді", деді Қазақстан Республикасының Өзбекстандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Бейбіт Атамқұлов. 

Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымын жүйелейтін компания құрылады 

Қаңтарда Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы сауда айналымын жүйелейтін компания құрылады. Ұйым екі елдің сауда-экономикалық қарым-қатынасына талдау жасап, күн тәртібіндегі мәселелерді шешумен айналыспақ. Басым бағыт ауыл-шаруашылығы болады. Себебі, Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бұл саладағы тауар айналымы 10 айда 1,4 млрд доллардан асқан. Әрі бұл соңғы көрсеткіш емес. Өйткені келер жылы еліміз 60 мың бастай ірі қараны, 120 мыңдай ұсақ малды тірідей экспортқа шығармақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу