Қазақстан Өзбекстанға ет экспортын 4,5 есеге арттырды

655

Жыл басталғалы Қазақстан ет экспортын 35 пайызға арттырған, деп хабарлайды Atameken Business. 

Қазақстан Өзбекстанға ет экспортын 4,5 есеге арттырды

Бұған дейін біздің өнімнің ең ірі тұтынушысы Ресей болса, биыл бағытты өзгертуге тура келді. Өйткені жыл басында Россельхознадзор қазақстандық еттің импортына тыйым салды.

Нәтижесінде, теріскейдегі көршімізге 4 есе аз сатыппыз. Есесіне, мал мен құс еті Өзбекстан мен Біріккен Араб Әмірліктеріне ірі көлемде сатыла бастады.

Сандарды сөйлетер болсақ, былтыр бірінші жартыжылдықта Ресейге 13,5 мың тонна ет экспортталса, биыл оның көлемі небәрі 3 300 тонна. Сөйтіп 25 млн доллардың орнына отандық фермерлер бар болғаны 5,5 млн доллар табыс тапқан. Ал көрші Өзбекстан Қазақстанан етті 4,5 есеге көбірек импорттаған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу