Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын жолдайды

4218

Еліміз бұзылған су қоймасына қатысты Өзбекстанға наразылық нотасын дайындап жатыр. 

Қазақстан Өзбекстанға наразылық нотасын жолдайды

Бұл туралы арнамызға эксклюзивті сұхбат берген Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов мәлімдеді. Вице-министрдің айтуынша, ала шапанды ағайындар алып бөгеттің құрылысын қазақстандық тараппен ақылдаспастан бастап кеткен. Ал трансшекаралық нысандардың барлығы халықаралық ережеге сай, іргелес жатқан елмен келіссөз жүргізу негізінде салынуы керек. Осылайша Өзбекстан тарапы Біріккен ұлттар ұйымының конвенциясын өрескел бұзған. Екі елге ортақ есеппен айтсақ, 276 мың шаршы шақырым аумақты су басқан. Оның 80 мың шаршы шақырымға жуығы Қазақстанға тиесілі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу