Қазақстан Өзбекстанға "Сергек" жүйесін экспорттады

Ақпараттық жүйе Наманган қаласында енгізілді. 

Қазақстан Өзбекстанға "Сергек" жүйесін экспорттады Фото: Голос народа

"Сергек" қоғамдық және жол қауіпсіздігінің зияткерлік жүйесі Өзбекстанның Наманган қаласында енгізілді. Бұл халық саны бойынша Ташкенттен кейінгі екінші қала, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Жоба жеке инвестициялар есебінен,"KazakhExport" экспорттық сақтандыру компаниясы" АҚ несие беруі арқылы іске асырылды.

25 аппараттық-бағдарламалық кешен қаланың 13 учаскесінде және облыс аудандарында жол қозғалысы ережелерінің бұзушылығын тіркейді.

"Сергек" жүйесін орнату жүргізуші тәртібінің жоғарылауына және өлімге әкеп соғатын ЖКО-лардың төмендеуіне әсер етеді.

Наманганда да жүйе жылдамдық режимінің асып кетуін, бағдаршамның тыйым салу сигналына өтуін, жол таңбалау желілерінің бұзушылығын тіркейді.

Бизнес-жоба Сауда және интеграция министрлігі мен Цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен басталды.

Қазіргі уақытта "Сергек" қоғамдық және жол қауіпсіздігі жүйесі Қазақстанның 8 қаласында жұмыс істейді: Астана, Өскемен, Алматы, Атырау, Шымкент, Семей, Тараз және Түркістан. Сонымен қатар, Sergek Group өнімдерді экспортқа ілгерілету үшін экспорттық стратегияны әзірлеуде. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу