Қазақстан Өзбекстанмен қандай бағытта әріптестікті нығайтуы қажет?

761

Қазақ-өзбек шекарасында еркін экономикалық аймақтың құрылуы отандық бизнеске қандай мүмкіндіктер ашады?  

Қазақстан Өзбекстанмен қандай бағытта әріптестікті нығайтуы қажет?

Қазақ-өзбек шекарасында еркін экономикалық аймақ құрылады, деп хабарлайды Atameken Business.

Ондағы кәсіпорындар қымбат бағадағы өнімдерді өндіріп, қайта өңдейді. Қазір ол бойынша құжаттарды құзырлы министрліктер әзірлеп жатыр екен. Бұл туралы Өзбекстанның Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Саидикрам Ниязходжаев Baq.kz тілшісіне берген сұхбатында айтқан.

Оның сөзінше, екеуара шекарадағы өнеркәсіптік кооперация орталығының капсуласы биылғы көктемде Түркістанда салыныпты. Бүгінде  кедендік режимі мен салығы қандай болады деген сынды мәселелер қаралуда.

"Негізінен ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу, техникалық өнімдерді өндіру кәсіпорындары да ашылуы мүмкін", – деді елші.

Нәтижесінде, екі ел арасындағы сауда айналымын арттырып, бизнестің араласуын күшейтетін көрінеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу