Қазақстан Өзбекстаннан $1067 млн сомаға тауар импорттаған

329

Өзбекстан статистика ұсынған деректерге сәйкес, осы жылдың тоғыз айында көрші елге экспорт көлемі $2162,8 млн құрады.

Қазақстан Өзбекстаннан $1067 млн сомаға тауар импорттаған Фото: Nazar News

Ал Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы тауар айналымы $3 млрд асты, деп жазады Inbusiness.kz.

Осы жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша Қазақстан Өзбекстанның негізгі сыртқы сауда серіктестерінің үштігіне кірді.

Статистика агенттігінің мәліметінше, бүгінгі таңда Өзбекстан әлемнің 193 елімен сауда қатынастарын жүзеге асырады. 

2023 жылғы қаңтар-қыркүйекте Өзбекстанның сыртқы сауда айналымы 44,7 млрд долларға жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,1%-ға өсті. Жалпы көлемнің ішінде экспорт 17 739,4 млн АҚШ долларын (+ 23,5%), ал импорт 27 014,8 млн (+ 21,2%) құрады.

Елдің басты сауда серіктесі Қытай болып қала береді. Елдер арасындағы айналым $9,45 млрд құрады (жалпы көлемнің 21,1%). Бұл көрсеткіш бойынша екінші орында Ресей- $7,03 млрд (15,7%). Көшбасшылар үштігін Қазақстан - $3,22 млрд (7,2%) жабады.

Өзара тауар айналымы құрылымында Өзбекстан Қазақстанға $1067,0 млн сомаға тауар экспорттады, ал импорт – $2162,8 млн құрады.

Бұған дейін 2022 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстанның екіжақты тауар айналымы $5 млрд шегіне жеткені хабарланған болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу