Қазақстан Өзбекстаннан $177 миллионға құрылыс материалдарын импорттаған

870

Қазір елімізде өзбек капиталының қатысуымен 1400-ден астам кәсіпорын ісін дөңгелетіп отыр.

Қазақстан Өзбекстаннан $177 миллионға құрылыс материалдарын импорттаған Фото: ашық дереккөзден

Еліміз Өзбекстаннан 177 миллион долларға құрылыс материалдарын импорттаған. Осылайша Қазақстан көрші мемлекеттің құрылыс нарығындағы ең ірі сатып алушыға айналды. Енді өзбекстандық бизнесмендер логистикаға қаржы жұмсамай, зауыттарын Қазақстанда ашпақ. 

Бұл зауыттың өндірістік қуаты жылына 7 миллион шаршы метр керамикалық плитка. Оның 25 пайыздан астамын Қазақстан сатып алады. Ал кәсіпорын тек бояуды импорттайды. Қалғанының барлығы жергілікті өндіріс. 

“90 пайыздан астам шикізаттың барлығы өзімізден алынады. Қалғанын Иран мен Қытайдан импорттаймыз. Жалпы күніне 10 мың шаршы метр керамикалық плитка шығарамыз. Алдағы уақытта 3-ші зауыт іске қосылғанда бұл көрсеткіш еселенеді. Сөйтіп 1 жылда 21 миллион шаршы метр дайын керамика өндіретін боламыз”, - дейді зауыт инженері Рустам Зияев.

2000-нан астам адамды жұмыспен қамтып отырған мекеме енді Қазақстан нарығына қызығушылық танытып отыр. Өйткені елімізде 3 қана керамика-гранит зауыты бар. Ал Өзбекстанда 10-нан асады.

“Алдағы уақытта Қазақстаннан өндірістік қуаты жылына 15 миллион шаршы метр керамикалық плитка шығаратын зауыт ашу жоспарда. Ол Түркістан облысында бой кетеретін шығар. Қазір біз Индустрия министрлігі мен Қазақстанның елшілігімен келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Өйткені Қазақстан біздің ең ірі сатып алушымыз сондықтан кәсібімізді сол елде кеңейту тиімді болады”, - деді  компания құрылтайшысы Расул Ұлықбек.

Қазір елімізде өзбек капиталының қатысуымен 1400-ден астам кәсіпорын ісін дөңгелетіп отыр. Тағы 400-ден астам бірлескен компания бар. Жалпы былтыр Өзбекстан Қазақстанға 1,3 миллиард доллардың тауарын экспорттаған. Бір жылдағы өсім  21 пайыз. Еліміз сатып алған өнімдердің басым бөлігі керамика, кірпіш секілді құрылыс материалдары.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу