Қазақстан Өзбекстанның мақта-тоқыма өндірісіне қызығушылық танытып отыр

388

Көршілес өзбек елінде мақта-тоқыма кластерінде 1500-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. 

Қазақстан Өзбекстанның мақта-тоқыма өндірісіне қызығушылық танытып отыр Фото: Баракат Казань

Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Бейбіт Атамқұлов Қазақстанның бизнес өкілдерін Өзбекстанның мақта-тоқыма саласындағы тәжірибесіне назар аударуға шақырды. Бұл туралы ол Астанада өткен Қазақстан-Өзбекстан іскерлік кеңесінің 6-шы отырысында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Жеке өзім бірқатар өңірді аралап, мақта-тоқыма кластерін көрдім. Олардың саны 800-ден асады. Жалпы бұл секторда 1500-ге жуық кәсіпорын жұмыс істейді. Қазақстанға бұл тәжірибе қажет. Бұл алаңнан бастап экспортқа дейінгі өте терең өңдеуді қамтиды", - деді Бейбіт Атамқұлов.

Айта кету керек, былтыр Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы өзара алыс-беріс көлемі 4,4 млрд доллар болғанын жазған болатынбыз. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу