Қазақстан өзге елдерге 450 миллион АҚШ долларын бөлген

926

Қазақстан өзге елдерге 450 миллион АҚШ долларын бөлген

Қазақстан соңғы 20 жыл ішінде гуманитарлық және дамуға ресми көмек ұсыну мақсатында өзге елдерге жалпы 450 млн АҚШ доллары көлемінде қаржылай көмек берген. Әсіресе Орталық Азия аймағы үшін қауіпті ел ретінде көш бастап тұрған Ауғанстанға басымдық берілген. Бұл туралы бүгін сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев айтты, деп хабаралайды 24.kz. 

Министрлік өкілдері парламент сенатының халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрайымы Дариға Назарбаева мен комитет мүшелері алдында есеп берді. Осылайша 2013 жылы – 20 млн АҚШ долларын, 2014 жылы – 43, 2015 жылы – 54, ал өткен жылы 38 млн АҚШ долларын Қазақстан жаһандық даму мақсатына жұмсапты. Баяндамашылар дамуға ресми көмек ретінде арнайы агенттік құру өзекті екенін еске салды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу