Қазақстан Пәкістан билігіне халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күресте толық қолдау білдіреді

1008

Қазақстан Пәкістан билігіне халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күресте толық қолдау білдіреді

ҚР СІМ Пәкістандағы терактіге қатысты мәлімдеме жасады, - деп хабарлады аталмыш мекеменің баспасөз қызметі.

"Қазақстан 2017 жылы 16 ақпанда Пәкістанның оңтүстігіндегі Сехван қаласында орын алған және кінәсіз бейбіт халықтың өліміне алып келген террористік әрекетті қатаң айыптайды. Киелі жерде орын алған зомбылық әрекет террористердің Исламның жалпы құндылықтарына қандай да бір қатысы жоқ екендігін және олардың белгілі бір ұлтқа немесе дінге қатысы жоқ екендігін дәлелдейді. Қазақстан Пәкістан билігіне халықаралық терроризм мен экстремизмге қарсы күресте толық қолдау білдіреді және халықаралық қоғамды осы құбылыспен күресу барысында қатаң әрі нақты шаралар қолдануға шақырады", - делінген мәлімдемеде.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу