Қазақстан Пәкістанның "Al Barkat" және "Premium Gold Tea" шайына тыйым салуды алып тастады, деп хабарлайды abctv.kz.
"Al Barkat Classic Tea" ("A.A. Mughal General Traders" (Пәкістан) өндірісі), "Premium Gold Tea" ("АВА групс LLP" КРК (Пәкістан) өндірісі) шәйін зертханалық зерттеулерінің нәтижелері мен тиісті іс-шараларды өткізу туралы мәліметтердің негізінде "Шайды әкелуге және өткізуге тыйым салу бойынша уақытша санитариялық шараларды енгізу туралы" Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2018 жылғы 15 маусымдағы № 6-ПГВр қаулысының кейбір тармақтарының қолданылуын тоқтату туралы" Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2018 жылғы 26 қазандағы № 10-ПГВр қаулысымен жоғарыда көрсетілген өнімдерді әкелуге және сатуға тыйым салу жөніндегі уақытша санитариялық шараның күші жойылды",- делінген ДСМ қоғамдық денсаулық сақтау комитеті таратқан хабарламада.
Пәкістан шайының қауіпсіздігін және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкестігін мониторингілеу мақсатында алдағы 3 ай бойы комитет күшейтілген зертханалық бақылау жүргізетін болады.